Тасөткел ауылы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылдың қаңтар – мамыр айларында  атқарылған жұмыстарының есебі


1. Жалпы мекеме саны-91. (47 мектеп, 1 кешкі мектеп, 35 балабақша, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет).

Жалпы білім саласына 2019 жылға бөлінген қаржы 9 285 481 мың теңге,  игерілгені  1 438 641  мың теңге немесе 99,9%.

Мектептер саны- 47 (38 орта, 2 негізгі, 7 бастауыш).

ІІІ тоқсан есебі бойынша оқушы саны -19522 . 38  орта  мектепте – 18976,  2 негізгі  мектепте-  326,  7 бастауыш мектепте- 213 оқушы оқиды.

1 кешкі мектеп-185 оқушы. 

Жалпы педагогтар саны– 2230. Жоғары білімді-2069, арнаулы орта-161.  Жоғары санатты-535, І санатты-454, екінші санатты-469, санаты жоқ 772 мұғалім. Жаңа оқу жылына 71 жас маман жұмысқа қабылданды.

         Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  43 директор ,      41 директордың орынбасары, 662 пән мұғалімдері курстан өтті. Жалпы 1494 педагог жаңартылған мазмұн бойынша сабақ береді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге  319 731 мың теңге қаржы бөлінді.

Координаторлық курстан -47 директордың орынбасары өткізілді.

         Ағылшын тілінде (физика, биология, химия, информатика пәндері) 77 мұғалім курстан өткізілді. Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшу бойынша іс-шараларды өткізу, үш тілде оқыту аясында TOEFL, IELTS және IT-педагогтары құзіреттілігіне  қосымша ақы төлеуге 25 283 мың теңге қаржы бөлінді. 27 мектепте үш тілде оқыту 8 сыныптарға енгізілді. Барлығы 116 сынып-топтамада (97 қазақ, 19 орыс) 1125 оқушыға 53 мұғалім дәріс беруде.

  1.           2. Мектепке дейінгі ұйымдар саны 53  (35 балабақша (23 мемлекеттік, 12 жекеменшік), 18  шағын орталықта). 4413 бала қамтылған  (балабақшаларда -3765, шағын орталықтарда – 648 бала) 1-6 жас аралығындағы қамту 91,7 % , 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 99,9 % құрайды. Кезекте тұрған бала саны – 556 (553-і 0-3 аралығында, 7 бала 3-6 жас аралығында).

Ағымдағы жылы 1-6 жас аралығындағы қамту 40 % көтерілді. Облыстық көрсеткіштер 84  %.3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 14,4 % көтерілді, 99,9 пайызды құрады Облыстық көрсеткіштері 98 %2019 жылы Шу ауданы бойынша барлық балабақша саны 35. 

(23 мемлекеттік, 12 жекеменшік)

Шу қаласы бойынша 15 (8 мемлекеттік, 7 жекеменшік)

Төле би ауылы бойынша 7 (5 мемлекеттік, 2 жекеменшік)


3. Мектептен тыс білім беру мекемелері саны-7.

Мекеме атауы

Педагогтар саны

Үйірме саны

Қамтылған бала саны

1

Балалар-жасөспірімдер орталығы

34 

25

1200

2

Балалар-жасөспірімдер  өлкетану және туризм орталығы

56 


56

2077

3

№2 Балалар-жасөспірімдер орталығы

10 

11

443

4

Өнер мектебі

 47 

13 

1833

5

Техникалық шығармашылық орталық 

27 

23

1150

6

Ә.Еспаев атындағы балалар саз мектебі

 25 


257

7

№1 балалар саз мектебі

17 


 4 

210


Барлығы

216 

138

7839

Сонымен  қатар 1-Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті жұмыс жасап,  135 балаға екі тілде көмек көрсетуде.  Барлығы үйірмеге қатысады (7839) 40%, оның ішінде спорт үйірмелеріне қатысатын оқушы саны-669, мектептен тыс білім беру мекемелеріне қатысатыны-7170 бала. 

4. Жалпыға міндетті оқумен қамту.  47 мектептің  43  асхана   жұмыс   істейді. Аз қамтылған отбасынан шыққан 1366 бала тегін  ыстық  тамақпен  қамтылған.   Жергілікті бюджеттен 104 млн 428 мың теңге бөлінген. Бірінші  сыныптың 2373 баласына ыстық тамаққа  102 млн  878 мың теңге бөлінген.

        А.С.Макаренко  о.м. жанындағы  интернатта 84 оқушы, О.Жандосов  мектеп жанындағы  интернатта 42 оқушы, барлығы  116  оқушы  интернатпен қамтылған. Олардың  ыстық  тамағына  2019 жылға  жергілікті  бюджет  есебінен 22 млн 380 мың теңге бөлінді

8 мектепте    328 оқушы тасымалдаумен қамтылған.

р

Мектебі жоқ елді- мекен

Қай мектепке тасымалданады

Оқушы

1

Аң шаруашылығы

Сейфуллин о.м.

21

2

Бөген шаруашылығы

Мәметова о.м.

12

3

Көктөбе бекеті

Әшімбаев о.м.

5

4

Еңбек, Жиенбет а.

Мойынқұм о.м.

58

5

Аспара бекеті

Рысқұлов о.м.

50

6

Құмөзек бекеті

Макаренко о.м.

16

7

Бірлік бекеті

Жамбыл о.м.

153

8

Тасөткел су қоймасы

Уәлиханов о.м.

13



Барлығы

328


5. ҰБТ. ҰБТ-ге барлығы 37 білім беру ұйымы қатысты (Әл-Фараби атындағы орта мектептен және кешкі мектептен бірде-бір оқушы ҰБТ-ге қатысқан жоқ).

Мектеп бітірген 1038 түлектің 53,3%-ы (553 түлек) тестілеуге қатысты. Тестілеуге қатысқандардың 87,5%-ы (484 түлек) қазақ тілінде, 12,47%-ы (69 түлек) орыс тілінде тапсырды. Орташа балл-78,7.   37 оқушы  «Алтын белгі», 22 оқушы «Үздік аттестатқа» бітірді. 186 оқушы грант иегері атанды. 

2018-2019 оқу жылы мектеп бітірушілер саны 874. (Кешкі мектеп оқушы саны 121, орта мектеп оқушы саны 753) ҰБТ-ге қатысуға ниет білдіріп отырған оқушы саны 471. Мектептер әр апта сайын оқушылардан сынама тест жүргізіп отырады. Соңғы сынама тесттің нәтижесі бойынша орташа балл – 78,5. 

6. Білім саласын цифрландыру. 

Мектептерді ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары.

2018 жылға белгіленген нысаналы индикаторға жету (80%) мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаралған 63 млн 371 мың теңгеге ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 40 мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған. Қамту көрсеткіші 85,1%. 

2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жергілікті бюджеттен бөлінген 14 млн 500 мың теңгеге 7 мектепте (Домалақ ене, Мойынқұм, О.Жандосов, Т.Рысқұлов (а), Жиенбет, Еспе, №48) ішкі сымсыз Wi-Fi желісін жүргізу жоспарлануда.

Электронды журналдар мен күнделіктер жүйесін енгізу.

Қазіргі уақытта барлық 47 мектеп (100%) «Күнделік» автоматтық ақпараттық жүйесінде жұмыс жасауда. Сонымен қатар, бүгінгі күнге жүйеге 33357 (2265 мұғалім, 19617 оқушы, 11955 ата-ана) пайдаланушы енгізілді.

Оқу кабинеттерін компьютерлік техникалармен жабдықтау жұмыстары.

Жалпы 47 мектепте барлығы 2470 компьютер. Оның ішінде мұғалімдер пайдаланатын компьютер саны 1085

Сондай-ақ, жалпы оқу кабинеті саны 1212. Оның ішінде 1085-і (89,5%) мұғалім компьютерімен жабдықталған. 

2019 жылы 233 интерактивті құрылғылар сатып алып, оқу кабинеттерін 100% мұғалім компьютерімен жабдықтау жоспарлануда.

Интернет жылдамдығы төмен мектептердің интернет жылдамдығын 4 Мбит/секундтқа көтеру.

2019 жылы 47 мектепті және 1 кешкі мектепті интернет желісімен қамту үшін жергілікті бюджет есебінен 33 млн 177 мың теңге қаражат бөлінді. Оның 4 млн 380 мың 646 теңгесі пролонгация әдісімен қаңтар-наурыз айларында мектептерді интернет желісімен қамтамасыз ету үшін жұмсалды. 

Жалпы сомасы 27 млн 868 мың 360 теңгеге 47 мектепті және 1 кешкі мектепті жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс жарияланып, техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес 4 мектепті 40 Мбит/с, 2 мектепті 20 Мбит/с, 15 мектепті 12 Мбит/с, 2 мектепті 10 Мбит/с, 25 мектепті 4 Мбит/с жылдамдықтағы  кең жолақты интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге 35 мектепті және 1 кешкі мектепті интернет желісімен жабдықтау бойынша жеңімпаз болған  «Транстелеком» АҚ-мен және 5 мектепті интернет желісімен жабдықтау бойынша жеңімпаз болған  «Қазақтелеком» АҚ-мен және 7 мектепті интернет желісімен жабдықтау бойынша жеңімпаз болған  «FiberNet»ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, провайдерлер тарапынан интернет желісін қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта интернет желісіне қосылғаны 44 мектеп.  Қалған 4 мектепті (Еспе, №48, Жиделі, Кешкі мектеп-Транстелеком) интернет желісімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 

Мектептерді робототехника кабинеттерімен жабдықтау.

         2018 жылы жергілікті бюджеттен 15 млн 144 мың теңгеге 4 мектеп (М.Әуезов, М.Мақатаев, С.Сейфуллин, А.С.Макаренко) робототехника кабинетімен жабдықталды. Аудандағы 15 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта робототехника кабинетімен жабдықталу көрсеткіші 31,9%.

         2019 жылы 9 мектепті (Абай/қ/ ом, Төле би/қ/ом, М.Ғабдуллин ом, Б.Момышұлы ом, Мойынқұм ом, С.Естемесов ом, Жамбыл ом, М.Мәметова ом, М.Х.Дулати ом) робототехника кабинетімен жабдықтап, көрсеткішті 50% жеткізу жоспарлануда.

Тегін білім беретін ІТ сыныптар ашу.

Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің базасында 2018 жылдың 30 тамызы күні жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 5 млн 695 мың 700 теңге қаражатқа ІТ сынып ашылды. 

Қазіргі уақытта ІТ сыныпта 10 оқушыдан 6 топ оқытылуда. Барлық тәрбиеленуші саны 60. STEM бағдарламасы бойынша білім алған екі ұстаз сабақ беруде.  

2019 жылы 4 мектептің (Жамбыл гим, Е.Бекмаханов мг,Төле би/а/ ом, Ә.Молдағұлова ом) базасында ІТ сыныптар ашу жоспарлануда.

Балаларды балабақшаға қабылдау және мектепке қабылдау стандарттарын автоматтандыру жұмыстары

Шу  ауданының білім  беру саласы  бойынша 47  (38 орта,  2  негізгі  орта,  7 бастауыш) орта  білім  беру мекемелеріне балаларды оқуға қабылдау мен  35 (23 мемлекеттік және 12 жеке иеліктегі) мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарына балаларды қабылдау және жолдама берудің автоматтандырылған жүйесін енгізу мақсатында Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен Алматы қаласындағы «Benediximus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2018 жылдың қазан айында келісім шарт жасалды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша аудан аумағындағы барлық орта білім беру мекемелері мен балабақшаларға балаларды қабылдау, кезекке қою және жолдама беруді автоматтандыру негізінде «edugarden.kz», «eduschool.kz» сайттары талапқа сай ашылды. 

Автоматтандыру бойынша аудан өңіріндегі балабақшалар, шағын орталықтар «edugarden.kz» сайтына тіркелді, ал жалпы орта білім беретін мекемелерге білім алушыларды қабылдауды автоматтандыру шаралары жүргізілуде.


7. Жылу маусымы. 

91 мекеменің 35 жеке қазандық (28 мектеп, 6 балабақша, 1 қосымша білім беру мекемесі), 33 жай пеш (11 мектеп, 10 балабақша, 6 жекеменшік балабақша, 6 мектептен тыс мекеме), орталық қазандықтан 11 (7 мектеп, 4 балабақша), электр қуатымен-4 (1 мектеп, 3 балабақша), газбен - 6 жекеменшік ( Арайлым, Әсия әлемі, Дияр, Інжу, Нұрдәулет, Бибінұр) балабақша. 1 коррекциялық кабинет білім бөлімінің жеке қазандығы арқылы және 1 кешкі мектеп ТШО ғимаратының жеке қазандығы арқылы жылытылады.

Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 28 мектеп, 6 балабақша, 1 мектептен тыс мекемесі аудан әкімінің 2017 жылы 14 қыркүйек №322 қаулысына сәйкес Шу ауданы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің «Төле би көп салалы мамандырылған кәсіпорны шаруашық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне тегін пайдалануға берілген.

2018 жылға пешпен жылитын 12 мектепке 533 тонна көмірге 9 млн. 255 мың теңгеге «ЛБК қызмет» ЖШС мен келісім шарт жасалып, бүгінгі күнге мектептерде 533 тонна көмір толығымен түсірілді. 

         Балабақшаларға 449 тонна көмірге 6 млн 960 мың теңгеге «ЛБК қызмет  ЖШС мен келісім шарт жасалып бүгінгі күнге 449 тонна көмір толығымен түсірілді.  

Мектептен тыс білім беру мекемелеріне  531 тонна көмірге 9 млн 495 мың  теңгеге «ЛБК қызмет» ЖШС мен келісім шарт жасалып, қаржысы аударылып, бүгінгі күнге 531  тонна көмір толығымен түсіріліп,  2018 жылғы 15 қазандағы            № 616-ө н/қ аудан әкімінің өкімімен жылыту маусымы басталып, барлық білім мемекелерде терезелері қапталған, кезекшілік кестісі ұйымдастырылып мектеп басшысымен бекітіліп  жылыту маусымы  тиісті деңгейде өткізіліп, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы және  аудан әкімінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №231 өкіміне сәйкес білім беру мекемелерінің 2018-2019 оқу жылындағы жылу беру маусымы ағымдағы жылдын 7 сәуірінде тоқтатылды.

8. Оқушылар арасындағы құқық  бұзушылық. 

         2019 жылдың сәуір айына 10 мектеп оқушысы ІІБ де есепке алынған.                                                                              

Оның ішінде :   4 - ұрлық. 1 - бұзақылық, 5 - қаңғыбастық.              

Есепте тұрған балалардың тұрмыс жағдайы бойынша:

8 - жағдайы төмен отбасынан, 2- орта отбасынан.                             

Мектеп бойынша сараласақ 

                     Кешкі мектеп   -     5 бала: 2-ұрлық, 2-бұзақылық, 1-қаңғыбастық.

                     Ғ.Мұратбаев о.м-  2 бала, 1-ұрлық, 1-қаңғыбастық.                                                                                                                                                                                                                       

                     М.Х.Дулати о.м -  1 бала, ұрлық

                     Абай о.м -          2 бала, қаңғыбастық.

9. Аудан әкімдігі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі.

Қорғаншылық және қамқоршылыққа 173 бала тіркелген. 

Оның ішінде-132 ата-анасының қамқорлығынсыз қалу салдарынан қорғаншылық және қамқоршылық белгіленсе, 41 бала ата-анасының келісімімен қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленді, (патронаттық тәрбиедегі балалар жоқ). Оның ішінде  қорғаншылықта -43 бала, қамқоршылықта – 89. Жағдайы бойынша жетім бала саны – 70,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған –62 бала. Жынысы бойынша 71 ұл бала, 61 қыз бала. 

Қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін жәрдемақы тағайындау мен төлеу  мәселесі бойынша 129 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға жәрдемақы тағайындалып, жергілікті бюджеттен (24050 теңге) 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 84 қамқоршыларға төленіп отыр.      

10. Оқушылар арасындағы суицид оқиғасы.  2019 жылы қаңтар- сәуір айларында  суйцид  бойынша оқиға  тіркелген жоқ. 

11. Ерте жүктілік.  2019 жылдың қортытындысы бойынша  білім саласы  бойынша  4 жасөспірім  (4-і отбасылы) аудандық емханада тіркеуде. Оның ішінде   4-уі жалпы білім беретін кешкі мектепте оқиды.

12. Оқушыларды оқулықпен қамту 100. 

13. Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде  орамал тартатын оқушы жоқ.

Шу  ауданы,   Тасөткел ауылы Тұрар Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 

 Аннотациясы 


Мекеменің атауы

«Жамбыл облысы Шу ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі» КММ

Мектеп директоры

Жантаева Берлікбай Әбішұлы, білімі                                   жоғары,     05.04.1959  жылы туылған, жалпы еңбек өтілі 34 жыл, мамандығы-тарих пәнінің мұғалімі, санаты-жоғары, 05.09.2012 жылы тағайындалған, осы лауазымда -25  жыл.

Ғимарат типі

Ыңғайластандырылған, 2 қабатты

Пайдалануға берілген жылы

1989 жыл

Жобалық қуаты


420 орындық

Күрделі жөндеуден өткен мерзімі 

1989  жылдан бері жылдан күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.

Жылу жүйесі

Жеке қазандық

Оқыту тілі

Қазақ

Оқушылар контингенті

Мектепалды даярлық тобында – 15  бала,

1-11 сыныпта  - 153 оқушы (оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны -79 , 5-9 сынып оқушыларының саны -69, 10-11 оқушыларының саны -4)

Оқушылардың әлеуметтік жағдайы 

153 оқушының: 

8   көп балалы отбасының балалары, аз қамтылған 7 оқушы, 13 толық емес отбасында,

Үйде оқытылатын оқушы жоқ.

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны


Барлығы:28- оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған: оның    ішінде  16 оқушы аз қамтылған, 1-ші сыныптан -24 оқушы 



Оқушылар үлгерімі мен білім сапасы

Білім сапасы – 67,3%,   үлгерімі -100 %

ҰБТ көрсеткіші 



Жалпы оқушы саны

ҰБТ тапсырғаны

Орташа балл

«Алтын белгі» иегері

2015 жыл





2016 жыл

8

4

75,77


2017 жыл





2018 жыл

6

4

57


Оқушылардың үйірмелерге қатысу көрсеткіші

0%

Оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі

Кітап қоры – 3613

(1 оқушыға келетін кітап саны - 26)

Оқулықпен қамтылу көрсеткіші - 100%, 

Оқулықпен қамтылмай отырған оқушылар саны -  0

Материалдық-техникалық жағдайы

Оқу кабинеттері –18

Спорт зал –1

Мәжіліс залы –1

Асхана – 1 (30-  орын)

Кітапхана -1, оқу залы – жоқ , 

Компьютерлік сынып – 1, 

Компьютер саны -   5 (1 компьютерге

- 18,6 оқушыдан келеді).

Мультимедиялық кабинет – жоқ,

Интерактивті тақтасы бар кабинеттер саны – 5

Жаңа модификациялы кабинеттер  саны –жоқ

Педагогтардың сапалық құрамы

Педагогтар саны –24,   оның ішінде:

-жоғары білімді – 21

-арнаулы орта білімді-3

-жоғары санатты –3

-бірінші санатты-7

-екінші санатты-9

-санаты жоқ-  5


Педагогтарға қажеттілік (пән бойынша) саны 

физика,математика,ағылшын,

Педагогтардың біліктілікті арттыру курстарынан өтуі

Өрлеу-6


"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: standart-mektepke-kabyldau-kaz.doc
73,5 Kb

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 2standart-eksternat-kaz.doc
78 Kb

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 3standart-telnuska-kaz.doc
73 Kb

"Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 4qorganshylyq-anyqtama-standart.doc
58,5 Kb

"Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 5qamqorshylyq-belgileu-standart.doc
102 Kb

"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 6mura-rasimdeuge-anyqtama-standart.doc
61 Kb

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 7tasymaldau-standart.doc
76,5 Kb

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 8tamaqtanu-standart.doc
87 Kb

"Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 9zhardemaqy-tagaiyndau-standart.doc
98 Kb

"Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 10patronattyq-tarbiege-beru-standart.doc
90,5 Kb

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 11asyrap-aluga-espke-qoiu-standart.doc
73 Kb

"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 12birzholaga-aqshalai-tolemdi-tagaiyndau-standart.doc
70,5 Kb

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 13lagerge-zholdama-standart.doc
85 Kb

"Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 14kezdesuge-ruqsat-beru-standart.doc
76,5 Kb

"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 15aqshalai-qarazhat-toleu-standart.doc
101,5 Kb

"Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 16pikirin-esepke-alu-standart.doc
63 Kb

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 17uzdik-pedagog.doc
70 Kb

"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 18konkurs-standart1.doc
82 Kb

"Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 19balabaqshaga-kezekke-qoiu-standart.doc
77,5 Kb

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 20balabaqshaga-qabyldau-standart.doc
47,5 Kb

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 21attestaciya1.doc
87,5 Kb

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 22uide-oqytu-standart.doc
55 Kb

"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 23korrekciya-standart.doc
47,5 Kb

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 24qosymsha-bilim-beru-standart.doc
54 Kb

"Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Файлды жүктеу: 25uzdik-uiym-standart.doc
60,5 Kb